Ақтауда 20 күннен бері жоғалып кеткен 26 жастағы қыз іздестірілуде

Бейнеу ауданында 20 күннен бері 26 жастағы Айдана Айтаеваны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды Ozgeris.info порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

15 сәуірде МИ-8 тікұшағы іздестіру жұмыстарына қатысқан. Түске қарай іздеуге тағы бес адам қосылған.

Бейнеу ауданының солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде 50 шақырым радиуста өте төмен биіктікте шолу жұмыстары жүргізілген. Ойпаттар, шатқалдар мен жартастарға ерекше көңіл бөлінгені айтылды.

Өкінішке қарай, нәтиже болмай, құтқарушылар өз орнына оралған.

Еске салайық, жергілікті тұрғын 29 наурызда сағат 11.00 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, оралмаған.

Ozgeris.info порталы