Құтқарушылар жолаушының денесін жеңіл көліктен алып шықты

Бүгін сағат 9:20-да Алматы облысындағы Қарасай ауданында Қайнар және Бекболат кенттері арасында жол көлік оқиғасы орын алып, көлік ағашқа соғылғаны туралы хабар келіп түсті.

«Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдалана отырып, жолаушының денесін авариялық автомобильдің салонынан алып шықты.

Сағат 10:23–те оқиға орнында құтқару жұмыстары аяқталды», — делінген ТЖМ ақпаратында.

ТЖМ құтқарушылары қауіпсіз жылдамдық режимін сақтау қажеттігін еске салады.

Фото: ТЖМ