Алматы облысында жоғалып кеткен 3 жасар қыз әлі табылған жоқ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жоғалып кеткен 3 жастағы қыз әлі ізделіп жатыр. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Kazinform тілшісінің сауалына берген жауабында айтты. 

«Қыз әлі табылмады. Оны іздестіру шаралары әлі жалғасып жатыр», — деп жауап берді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 17 наурыз сағат 16:00 шамасында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Қызды іздеуге тікұшақ пен дрон жұмылдырылды.

Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов аталған дерек бойынша арнайы жасақ инспекторлары, кинологтар, жергілікті ПБ және жедел бөлім қызметкерлерінен іздестіру тобы құрылғанын, арнайы дайындалған иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты. Іздеу жұмыстарына барлығы 245 адам жұмылдырылды.