Алматылық өрт сөндірушілер егде әйелдің үйін қираудан аман алып қалды

26 сәуір күні сағат 19:50-де құтқарушыларға Алатау ауданы, Байсейітова көшесіндегі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өрттің жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрайтын жеке үйдің шатырын шарпығанын анықтады. Үйдің иесі 61 жастағы зейнеткер.

«СРПУ-50А оқпандары дереу орнатылып, 100 метр қашықтықтағы өрт сөндіру гидранттарына цистерналар орнатылып, үздіксіз су беру қамтамасыз етілді. Қабылданған шаралардың арқасында үй өрттен құтқарылды», — деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.