Маңғыстауда табиғи паркте заңсыз аң аулаған екі тұрғын ұсталды

Маңғыстау облысындағы мемлекеттік «Қызылсай» өңірлік табиғи паркінде ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз аң аулаған Бейнеу ауданының екі тұрғынын инспекторлар анықтады. 

«Броконер» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында «Қызылсай» өңірлік табиғи паркіне қарасты Манашы» мемлекеттік табиғи қаумалының инспекторлары Сайөтес ауылдық округінің учаскелік полиция қызметкерімен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға рейд өткізді.

«Тойота Прадо» автокөлігі тоқтатылып, Бейнеу ауданына қарасты Төлеп ауылының екі азаматы ұсталды. Автокөлікті тексеру барысында 1 аңшы мылтығы, 17 дана 12 калибрлі оқ-дәрі және автокөліктердің жүк салғышынан 4 қоян табылды», — деді «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры Мыңберген Қаратауов.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтар мен тәркіленген заттар Маңғыстау аудандық полиция бөліміне табысталған.

Фото: «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі