Coca-Cola су тасқынынан зардап шеккендерге 100 миллион теңгеден астам қаржы бөлді

Coca-Cola компаниясы су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін 100 миллион теңгеден астам қаржы бөлді. Бұл соманың басым бөлігін The Coca-Cola Foundation халықаралық қайырымдылық қоры берді.

Бұл қаражат зардап шеккендерге төсек-орын, азық-түлік және гигиеналық құралдар сатып алуға жұмсалады.

Сондай-ақ, компания соңғы бір айда барлық апатты аймақтардағы эвакуациялық орталықтарға 45 мың литрден астам су мен басқа да сусындар берді.

Компания бұл жұмысты Қазақстан Қызыл Ай қоғамы мен Birgemiz қорының қолдауымен жүзеге асырды.