Ресей президенттігіне үміткер болған қазақ саясаткер қайтыс болды

Ұлты қазақ ресейлік саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды.

Аман Төлеев 1991 жылы Ресейде өткен алғашқы президенттік сайлауда үміткер болды.

1990-1993 жылдары Ресейдің халық депутаты атанды.

1997 жылдан бастап 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін Кемерово облысының губернаторы қызметін атқарды.