Көкшетаулықтар Қопа көлінің жағалауын тазалайды

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы, «Kazakhstan Innovations» ҚҚ және Ақмола облысының экология департаментімен бірлесіп, Қопа көлінің жағалауын тазарту бойынша «Таза жағалаулар» атты экологиялық акциясын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо. Ұйымдастырушылар қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарды аталмыш шараға қатысуға шақырады.

Бүгінде бүкіл әлем қоқыс сұрыптауды «үйден» бастаған маңызды екенін түсінді. Біздің қоғамымыз да соған жақындап келе жатқаны қуантарлық жағдай.

Аталған шараның басты мақсаты – жастардың және жалпы қала тұрғындарының қоршаған орта мен табиғат аясына немқұрайлы қарамай, тазалықтың маңызын жете түсіндіру, адамдардың бойында экологиялық мәдениеттің дағдыға айналуына жәрдемдесу, еңбек арқылы табиғатты күтіп ұстауға үйрету.

Сондай-ақ акцияға, 50-ден аса Көкшетау қаласының еріктілері қатысады.

Акцияға жиналатын орны мен мерзімі: А.ж. шілде айының 21 жұлдызында сағат 15:00-де, М. Сағдиев к-сі маңы, Қопа көлінің жағалауы.