Сенатор: Елімізде су секторындағы дипломатияны дамыту қажет

Елімізде су секторындағы дипломатияны дамыту қажет. Бұл туралы Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Мемлекеттік басқару академиясында өткен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.

Сенатор «Даму күні» аясында Академия магистранттары мен докторанттарына, қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігі» тақырыбында дәріс оқыды.

Су қауіпсіздігі еліміз үшін ғана емес, әлем үшін үлкен мәселеге айналып отырғанын атап өтті.

«Қазақстан Орталық Азиядағы суға тәуелді бірден бір ел болғандықтан, су секторындағы дипломатияны дамыту, кәсіби келіссөздер жүргізетін мамандарды даярлау өте маңызды. Суды үнемдеу туралы білімді ерте жастан насихаттауымыз керек. Бұл маңызды сабақтар балабақшадан бастап оқытылуы тиіс. Балаларға судың неліктен маңызды екенін және бұл ресурсқа неліктен мұқият қарау керек екенін үйретуіміз керек. Мектеп бағдарламасына енгізу туралы ұсынысымыз министрлікке жолданды, оң қаралады деген үміттеміз», – дейді сенатор.