Америкадан келген қонақтар Маржан Арапбаеваға ерекше алқа тарту етті

Отандық әнші Маржан Арапбаева керемет сыйлыққа ие болды. Бұл туралы «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.

Америкадан келген қонақтар әншінің мойнына маржан моншақ тақты.

“Достар қараңыздаршы, қандай әдемі. Көп рахмет! Көзімнің қарашығындай сақтаймын. Ең үлкен, салатанатты концерттерге тағып барамын. Сен Маржансың ғой. Сол себепті маржан алып келдім дейді Наталья. Америкадан әкелген осындай сыйлыққа ие болдым. Мұндай тіпті Дженнифер Лопесте жоқ”, – дейді өнер иесі.

Айта кетейік, Маржан Арапбаева Америкадан келген қонақтардың қуанышына ат салысып, туған күнінде өнер көрсеткен еді.