Құран өртеу оқиғасынан кейін мұсылман жетекшілері шұғыл жиналды

Биылғы Құрбан айттың бірінші күні Швецияда Құран өртенгеннен кейін «Ислам мемлекеті» ұйымы оқиғаны талқылау үшін шұғыл жиналды.

 

Ислам ынтымақтастығы ұйымы жексенбі күні Швецияда Құранды өртеп жіберу салдарын талқылау үшін ашық түрде төтенше жиналыс өткізуде. Arabnews ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кездесу ИЫҰ-ның Жиддадағы штаб-пәтерінде өтеді. Жиын Ислам Саммитінің қазіргі сессиясындағы төрағасы Сауд Арабиясының және ИЫҰ Атқару комитетінің шақыруымен өтіп жатыр.

 

«Кездесуде Құран Кәрімді қорлауға қарсы біртұтас ұстанымды білдіру мақсатында осы сұмдық әрекеттерге қарсы шараларды талқылау жоспарланған» делінген хабарламада.

Мұсылман және араб әлемінде сәрсенбі күні Стокгольмдегі ең үлкен мешіттің алдында Құранды қорлап, оның парақтарын жыртып, өртеген Ирактан келген 37 жастағы босқын Салван Момиктің әрекеті халықты қатты ашуландырып, айыптағаны атап өтілді.

ИЫҰ мүдделі елдер үкіметтерінен оқиғаның қайталануының алдын алу үшін тиімді шаралар қабылдауға шақырып, бұл «жаман шабуылдардың» қайталануын және Құранның және басқа да исламдық құндылықтардың, рәміздер мен қасиетті орындардың қасиетін қорлау әрекеттерін айыптады.

Еске салайық, мереке күні Құранды өртеуге Швеция полициясы рұқсат берген. Желіде ер адамның Құранның бірнеше бетін жұлып алып, өртеп жібергені туралы видео пайда болды. Осы кезде сол маңда кезекшілік атқарған полиция қызметкерлері Момикке тас лақтырған тағы бір адамды ұстады

Ozgeris.kz

Orda.kz