Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы биыл алғаш рет «OPEN AIR» кешкі бағдарламасын өткізді, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.
Аталған іс-шараға тек қана қаламыздың ғана емес сондай-ақ өңіріміздің белсенді және шығармашыл жастары қатысты. Іс-шара, Көкшетау қаласындағы Қопа көлінің жағалауында ашық аспан астында өтіп, ол жерде түрлі конкурстар, викториналар мен ұтыс ойындары өткізіліп, әр жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
Іс-шара барысында Алтынай Айтен мен Дарья Бондаренко дуэті, «Импульс» тобы, «Адажио» би студиясы, Шортанды ауданынан келген талантты өнерпаздар, сонымен қатар «Студенттік көктем – 2023» фестивалінде «Cover – нұсқа» номинациясының иегерлері өнер көрсетті. Жалпы шараға 300-ге жуық адам қатысты.
«Қаламыздың тұрғындары, қонақтары және әрине жастары үшін осындай керемет кешкілік шарамызды жыл сайын жазғы тұрымға қарай сондай-ақ, жаз мезгілінде өткізіп отырамыз. Ал бүгінгі кешіміз, өте ерекше өтті. Себебі сахна төріне шыққан әрбір өнерпазға деген сый құрмет әрі қолдау көрермендердің ыстық ықыластарынан байқалды. Өткізілген әр байқауларға белсене атсалысып, әншілермен қосыла ән айтып, бишілермен бірге би билеп кешімізді одан сайын жандандырған көрермендерге алғысым шексіз» — деп облыстық ЖРО басшысы Дастан Ермеков өз сөзінде тоқталып кеткен болатын.
Кеш соңы ойын қорытындылары бойынша марапаттау рәсімдері және кешкілік дискотекамен аяқталды.
ПІКІР ЖАЗУ