Әзербайжан Каспий мен Қара теңіз арасында жер асты арнасын салу жөнінде бастама көтерді. Бұл жоба ADOG компаниясы мен Зира порты тарапынан ұсынылып отыр. Олар диаметрі 10 метр болатын су арнасын табиғи ағыс арқылы Қара теңізден Каспийге су жеткізу үшін салуды көздейді деп хабарлайды ozgeris.info сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Мамандардың айтуынша, бұл бастама Каспий теңізінің су деңгейінің төмендеуін тоқтатуға көмектесуі мүмкін. Қазіргі таңда теңіз деңгейі 2 метрге төмендеп, Ақтау портының жұмысына әсер ете бастады. Кемелер толық жүктеле алмай, жүк тасымалы 1000 тоннаға дейін қысқарған.
Қазақстан тарапы әзірге ресми ұсыныс алмағанымен, мүдделі тараптардың бірі болуы мүмкін. Ақтау порты арқылы жүк тасымалы 2025 жылдың алғашқы тоқсанында 20%-ға, контейнерлік тасымал 134%-ға өскен.
Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтау портында теңіз түбін тереңдету жұмыстарын мамырда бастайтынын айтты. Бұл жұмыстар кемелердің толық жүктелуін қайта қамтамасыз етіп, жаңа жағалау аймағын құруға мүмкіндік береді.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру