Елімізге белгілі боксшы уланып қалып, жекпе-жекке шықпайтын болды

Фото: olympic.kz

Әуесқой боксшы Махмұд Сабырхан Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» турниріне қатыспайды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

«Махмұд Сабырхан (54 келі) дәрігер шешімімен Странджа халықаралық турнирі аясындағы бүгінгі жекпе-жегіне шықпайтын болды. Тағамдық инфекция. 3 наурызға дейін жарыстарға қатыспайды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 24 ақпан – 2 наурыз аралағында Болгарияда «Странджа» халықаралық турнирі өтеді.