Grand Slam Душанбе 2025: үш қазақстандық дзюдошы алғашқы белдесуде-ақ жеңілді

olympic.kz

Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінің екінші күні қазақстандық спортшылар үшін сәтсіз аяқталды. Татамиге шыққан үш дзюдошымыз да алғашқы белдесулерінде қарсыластарына жол берді. Олардың екеуі түрікмен балуандарынан жеңілді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты 1bol.kz порталына сілтеп.

Атап айтқанда, 73 келі салмақта бақ сынаған Аңсарбек Ғайнуллин Қытайлық Жунлонг Гоудан екі вазари ұпайымен ұтылды.

Сол салмақта күрескен Ықылас Әлсейіт те жарысты ерте аяқтады — ол алғашқы кездесуінде түрікменстандық Мейліс Шамуродовқа жол берді.

Ал 81 келіде белдескен Досхан Жолжақсынов Илхам Сойунжовпен өткен жекпе-жекте жеңіске жете алмады.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасында 48 келіде Әбиба Абужақынова қола медаль иеленген еді. Қалған дзюдошылар жарыс жолынан шығып қалды.

Турнир 4 сәуірде аяқталады. Соңғы күні тағы екі қазақстандық спортшы татамиге шығады.