Астанада 600 бала Бауыржан Момышұлының алып портретін жасады деп хабарлайды ozgeris.info сайты MADENIPORTAL.kz порталына сілтеме жасай отырып.
Жеңіс күні мен Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай Астанада ерекше патриоттық жоба жүзеге асты. Өнер үйірмелеріне қатысатын 600-ден астам бала қаһарманның алып фотомозаикасын құрастырды.
Әр баланың еңбегі – мозаиканың бір бөлшегі. Ұзындығы 70, ені 32 метр болатын туынды 2736 шаршы метр аумақты алып жатыр.
Ұйымдастырушылар бұл жобаны жай ғана сурет емес, өскелең ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігі мен құрметінің көрінісі деп бағалап отыр.
«Әрбір үзінді — әр баланың қосқан жеке үлесі. Бұл — жай ғана портрет емес, балалардың шығармашылығы арқылы жеткізілген шынайы оқиға», – дейді ұйымдастырушылар.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру