Шығыс Қазақстанда төрт адам қаза тапты

Фото: Pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам қаза болды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 1 ақпан күні «Күршім-Қалжыр» тасжолында болған. Lada Granta және Hyundai Santafe маркалы автокөліктер соқтығысты.

«Жол апаты салдарынан Lada Granta жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — делінген ақпаратта.

Осы ретте, тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, алыс жолда барынша абай болу қажеттігін ескертті.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...