Ақын, драматург Исраил Сапарбайдың жары өмірден өтті

Фото: ашық дереккөзден

Ақын-сазгер, драматург,  Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты Исраил Сапарбайдың зайыбы Жұпар өмірден өтті, деп хабарлайды «ozgeris.info».

Бізге белгілі ақпаратқа сүйенсек, ақынның жары 40 жылдан астам уақыт білім беру саласында жұмыс істеген. Ақын зайыбы екеуі отбасында бір қыз және екі ұл тәрбиелеп өсірген.

Бір сұхбатында ақын жары туралы былай деген болатын:

«Зайыбым 40 жылдан бері бір балабақшада жұмыс істеп келеді.  Бүлдіршіндерге ән, би үйретеді. Расын айту керек, бізде балаларға арналған ән тым аз. Жұпардың өтінуімен  кішкентайларға арналған он шақты ән жаздым. Жарым менің бір қырымды толтырып жүр. Болашақ ұрпақты өсіріп, солардың бойына қазақы рухты құйып жатыр. Қызметтері өлшеусіз болғандықтан оларға үлкен құрметпен қараймын. Ақынның көңілін табу қиын. Балаларды, үйді тастап әдеби ортаға кеттім. Алматы мені құшағын жайып қарсы алған жоқ. Балаларды бағып-қағып өсірген Жұпар».

Біз ақынға, оның жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. 

 

«ozgeris.info»