Журналист әрі тележүргізуші Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі Айғаным Болатқызы отбасында болған ұрыс-керісті жайып салды. Тараздық келіншек Айғаным Болатқызы экс-жұбайы, журналист Асхат Садырбайдың ұрып-соққанын айтты. Жалғызбасты ананың сөзінше, бұрынғы күйеуі қысым көрсетіп, қол көтерген. Тіпті дене жарақаттарын да салған, деп жазады ozgeris.info тілшісі.
Осы орайда Stan.kz журналист Асхат Садырбайға хабарласып, ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады.
“Өзім де естіп жатырмын. Таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бес жыл бұрын ажырасып кеткенбіз. Қазір мен ұлыма көмектесіп, кездесіп тұрамын. Қалған мәселенің барлығы жабылған. Жарияланған сұхбаттың мақсатын түсінбедім. Заңгерлер жұмыс істеп жатыр”, – деді журналист.
ПІКІР ЖАЗУ