Тойына бірер күн қалғанда танымал актриса толқынның астында қалып қайтыс болды

24 жастағы актриса Камилла Беляцкая Тайландтың танымал туристік аралы Кох Самуида жаттығу жасап жатқан кезінде алып толқынның астында қалып, қайтыс болды. Оның сүйіктісі Камилламен бірнеше күннен кейін үйленуге дайындалып жүргенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Турист Камилла Беляцкая Тайландтың шығанағына қарап тұрған жерде йогамен айналысқан. Артынша өз-өзін түсіріп тұрған сәтте толқын келіп, оны ағызып әкеткен.

Жантүршігерлік видеода Камилланың су ағынында қалқып жүргені көрінеді. Оны үлкен толқын соғып, суға алып кеткен.

Өкінішке қарай, 1 желтоқсан күні Камилланың жансыз денесі аралдың көпшілік шоғырланған Чавенг жағажайынан табылды.

Камилланың бес жыл бірге болған сүйіктісі Григорий Анохин болған жағдай туралы әлеуметтік желілерден ғана білгенін айтты.

47 жастағы ер адам былай деді:

«Мен әлі де ғажайып болады деп, қалыңдығымның тірі табылуын тіледім. Мен қайғыдан қан жұтып отырмын. Біз бірнеше күннен кейін үйленетін едік».