Танымал қазақстандық актер Юрий Померанцев 100 жасында дүниеден өтті. Ақпаратты Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры растады, -деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы.
Юрий Померанцев 1923 жылы 11 ақпанда Киевте дүниеге келген. 1930 жылдары әкесі Қарағанды шахтасында жұмыс істеп, отбасы осы қалаға көшіп келді. Бірақ 1938 жылы әкесі атылып, кішкентай Юрий анасымен бірге Мәскеуге көшуге мәжбүр болады. Мектеп бітірген жас түлек соғысқа аттанып, жаралы болып оралады.
Ұзақ емделген соң 1943 жылы Алматыға көшіп келеді. Кейін анасын көшіреді. Театрға деген махаббаты осы жерден басталған. Юрий Померанцев алғаш рет Наталья Сацтың балаларға арналған жаңадан ашылған театрының «Қызыл телпек» спектаклінде қасқырдың рөлін сомдаған. Осылайша арнайы білімі болмаса да, актерлық мансабы басталады.
Померанцев 79 жыл сахнада 300-ден астам рөлді сомдаған. Ол 1957 жылы «Біздің сүйікті дәрігер» фильміне түсіп, доктор Анатолий Николаевич Лавровтың рөлін сомдағаннан кейін танымал болып, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Қазақстанның Еңбек Ері, көптеген ордендердің, соның ішінде Еңбек Қызыл Ту, Отан соғысы және «Отан» ордендерінің иегері.
“ozgeris.info” порталы
ПІКІР ЖАЗУ