«Оққағары» деп жазылған: Депутат Назаров Әлия Назарбаеваның оққағары болған ба?

Депутат Ардақ Назаров “Әлия Назарбаеваның оққағары болды” деген қауесетке жауап берді деп хабарлайды Malim.kz. Ол Әлияны ешқашан көрмегенін айтады.

«Мен ол отбасынан ешкіммен, Президенттің өзімен кездескен адам емеспін. Әлияның атынан естігенім болмаса,телеохранителі болмағанмын. Мен 10 жыл кәсіби спортшы, спортзалда болдым, шетелде болғанмын. Сол кезде ақпараттарда «оққағары» деп жазылған. Мен ондай жұмыс істемегенмін»,-деді Назаров.