Ақылы жолмен ағылып, діттеген жерден табылып, кейде трассада қамығып жатқандар көп. Әсіресе көлігіңізге тас тисе құнын кімнен дауларыңызды білмей дал боласыз. Бұл сұрақтың жауабын Ozgeris.info тілшілері іздеп көрді.
Әсіресе жүк көліктерінің артынан ергенде немесе қарсы келе жатқа көліктен тастар ұшып жатады. Бірақ бұған трассадағы темір тұлпарлардың түк қатысы жоқ. Өйткені олар бұл әрекетті абайсызда жасағаннан кейін жауапкершілікке тартылмайды. Бұл өз кезегінде жол сапасының нашарлығын көрсетеді.
- Ең бірінші келтірілген шығынды анық көрсететіндей видео-фото фиксация жасаңыз;
- Екіншіден қолайсыз жағдай орын алған жердің нақты қай шақырымда болғанын анықтаңыз;
- Үшіншіден шығыныңызды өтеу үшін осы жолды тазалауды қамтамасыз ететін компанияның өкілдеріне хабарласуыңыз керек.
Егер аталған компания телефон тұтқасын көтермесе Азаматтық сот ретінде шағымданып сот арқылы өзіңізге келтірілген шығынды өтей аласыз.
Ең бастысы камераға қағілез, апаттан ада болыңыз!
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру