«Менің көршім де Шерзаттың күйін кешкен»: Блогер Нагимуша Талғардағы жағдайға үн қосты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Елімізге Нагимуша атымен танымал блогер, талғарлық Нагима AiranMedia YouTube арнасына берген сұхбатында Шерзаттың оқиғасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Мен ұйымдасқан қылмыстық топ көшеде жүріп барлығын қорқытады деп айта алмаймын. Бірақ факт — факт күйінде қалады. Шерзаттың өлімі сияқты жас  қыршыннан қиылған жас балалардың түрлі шулы оқиғалары болды. Ал олардың ата-анасы әділдікке жетіп, жетпегенін нақты білмеймін. Талғарда ұйымдасқан топтар көп. Олар туралы ештеңе белгісіз. Егер шынымен 13 адамнан тұратын сондай ұйымдар бар болса, онда барлық жерде сақ болу керек. Өйткені арты не боларын білмейміз, — деді ол.

Сонымен қатар, Хутор дегеннің не екеніне де түсініктеме беріп кетті.

Хутор деген не? Үш ауыл бар, ол ауылдарды бір-бірінен ештеңе бөліп тұрған жоқ, яғни, тұтасып кеткен. Соның бұрынғы атауы — Хутор, қазіргі атауы — Береке. Бұл жер несімен атақты? Жас балалар топтасып жүреді. Солардың арасында бандитизм бар дегенді жоққа шығара алмаймыз. Шерзаттың ісі осылай шу тудырғанына таңданбаймын. Өйткені ерте ме, кеш пе бұндай шындық әшкере болуы керек еді. Кінәлілер жазадан өмір бойы қашып жүре алмайды, — деді блогер.

Блогер Шерзаттың жағдайына ұқсас оқиғалар көп болғанын да жасырмады.

15 жылдың ішінде осыған ұқсас көп жағдай болған. Мысалы біздің көршіміз тура осындай жағдаймен ажал құшты. Дәл сондай төбелестен кейін баланы пышақтап кеткен. Олардың артында кім тұрып, кімнің оларға көмектесіп жатқаны белгісіз. Халық бұл туралы айтуға қорқады. Өйткені танысы бар адамдар жазадан оңай құтылады, — деді Нагимуша.<

@qazaq.airan 16 жастағы Шерзатты өлтірген жігіттер жазадан сытылып кетуі мүмкін бе? Талғардағы полицияда істейтін қызметкерлердің көбі күдіктілерді танитыны рас па? Талғар халқы “хуторскиелардан” сескенетіні қаншалықты рас? Шығарылымның толық нұсқасын Qazaq Airan YouTube арнасынан көріңіз #qazaqairan ♬ оригинальный звук — QAZAQ AIRAN

/blockquote>