Құқығыңызды біліңіз! Қандай жағдайда компания басшысы сізді жұмыстан шығара алмайды?

Фото: iStock.com/AntonioGuillem.

Басшылық ауысқанда, қызметкерлердің де жаңаратыны таныс жағдай ма? Тіпті мемлекеттік құрылымдарда да «командалық ауысу» болады. Сіз қызмет орныңызда осындай жағдайдың құрбаны болдыңыз ба? ozgeris.info тілшілері сіздің құқыңызды қорғайтын еңбек шартын жіпке тізді.

Ең алдымен еңбек демалысына кетсеңіз сізді ешкім қызметіңізден алып тастай алмайды. Ал жұмыс беруші өндіріс ауқымы, жұмыс көлемі және қызмет көрсету мөлшері азайған жағдайларда мына қызметкерлерді де жұмыстан шығара алмайды: 

  • бала көтеру туралы анықтамасы бар аяғы ауыр әйелдер;
  • 3 жасқа дейінгі балалы аналар;
  • 14 жасқа дейінгі балалы жалғызбасты аналар;
  • 18 жасқа дейінгі мүгедек балалы жалғызбасты аналар;
  • жоғарыда айтылған балаларды анасыз тәрбиелейтін қызметкерлер

Бұл санатқа жатпасаңыз сізге қызметіңіздің хас шебері болуға тура келеді. Сол кезде басшылықтың өзі жұмыста қалғаныңызды қалап, «шығарып жібере ме» деген қорқыныштан арыласыз.