Бүгін, 10 қазан күні Жоғарғы сот мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері болған спортшы Денис Тенді өлтірген адамдардың жазасын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Айта кетейік, сотталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов тамыз айында Жоғарғы сотқа оларды ақтауды сұрап, шағым түсірген болатын.
«Сот олардың шағымын қараудан бас тартты», — деп хабарлады Жоғарғы сот.
Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде өлген.
Сот үкімі бойынша Денис Тенге шабуыл жасаған Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 18 жылға бас бостандығынан айырылған.
ПІКІР ЖАЗУ