Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген мәселені дауысқа салатын жалпыұлттық референдумды өткізуге 15,5 миллиард теңге қажет. Бұл туралы бүгін журналистерге Орталық сайлау комиссиясының мүшелері айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
«Республикалық референдум туралы конституциялық заңға сәйкес, Орталық референдум комиссиясы шығындардың болжамды сметасын әзірлеп, үкіметтің қарауына ұсынады. Біз президенттің жарлығы жарияланғаннан кейін, есеп-қисап жүргіздік. Біздің болжамды сметаға сәйкес, шығындардың жалпы сомасы 15,5 млрд теңгені құрап отыр», деді ОСК мүшесі Сабила Мұстафина.
Айта кетері, жалпыұлттық референдум тура бір айдан кейін 6 қазан күні өтеді.
ПІКІР ЖАЗУ