Перудің Лима қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі жалғасуда. Қазақстандық Алина Чистякова жарыс қорытындысы бойынша алғашқы ондыққа енді, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы жетісайыста бақ сынап, жалпы есебі 5161 ұпай жинады. Осылайша, жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады.
Ал бұл бәсекеде хорватиялық Яна Кощак жеңіске жетті. Оның еншісінде 5807 ұпай бар. Екінш орында швейцариялық Люсия Аклан (5755), үшінші орында чехиялық Адела Ткачова (5601) орналасқан.
Тағы бір қазақстандық спортшы Ирина Конищева жарысты 12-орынмен аяқтады.
Фото: ҰОК
ПІКІР ЖАЗУ