«Қазгидромет» РМК бүгін, 9 мамырда Астана мен еліміздің16 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз найзағай болады, ал жалпы облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында таңертең және түстен кейін қатты жаңбыр жауады, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында найзағай мен бұршақ күтіледі. Жел 15–28 м/с дейін күшейеді, ал Тараз қаласында найзағай мен бұршақ болады деп болжануда.
Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында найзағай, ал күндіз солтүстік пен шығыста бұршақ жауады. Жел 15–20 м/с дейін күшейіп, өрт қаупі жоғары деңгейде болады. Атырау қаласында кешке найзағай күтіледі.
Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында найзағай мен шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетіп, Алматы мен Қонаев қалаларында найзағай мен шаңды дауыл болады.
Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында түнде, ал күндіз облыс бойынша найзағай болады. Солтүстікте тұман түсіп, жел екпіні 20 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары, Ақтөбе қаласында түнде тұман, күндіз найзағай болжанады.
Ұлытау облысында түнде шығысында және орталығында найзағай, ал күндіз солтүстігі мен шығысында бұршақ жауады. Жел 15–23 м/с дейін күшейіп, Жезқазғанда найзағай күтіледі.
Қарағанды облысында түнде батысы мен оңтүстігінде найзағай, ал күндіз облыстың көп бөлігінде бұршақ болады. Жел 15–20 м/с дейін күшейіп, Қарағанды қаласында да найзағай мен жел күтіледі.
Жетісу облысының орталығында және таулы аудандарында күндіз найзағай болады, ал шығысында жел екпіні 20 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары, кейбір аудандарда төтенше деңгейге жетуі мүмкін.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай мен бұршақ болады. Жел 15–20 м/с, өрт қаупі жоғары деңгейде. Павлодар қаласында да жел күшейеді.
Қостанай облысында найзағай болады, ал күндіз батысы мен солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Жел 15–20 м/с, өрт қаупі жоғары. Қостанай қаласында найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында найзағай мен бұршақ батыс, солтүстік және оңтүстігінде байқалады. Жел 15–20 м/с, өрт қаупі жоғары. Орал қаласында да найзағай мен бұршақ болжануда.
Шығыс Қазақстан облысында жел 15–20 м/с дейін күшейеді, облыс бойынша өрт қаупі жоғары. Өскеменде де осындай жағдай болжануда.
Абай облысында жел 15–20 м/с дейін соғып, Семейде күндіз ауа температурасы +35°С дейін жетеді. Өрт қаупі өте жоғары болады.
Ақмола облысында түнде және күндіз найзағай мен бұршақ болады, солтүстігінде тұман түседі. Жел 15–20 м/с, өрт қаупі жоғары. Көкшетау қаласында да тұман, найзағай мен бұршақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде күндіз қатты жаңбыр жауады, облыстың басқа бөліктерінде найзағай мен бұршақ күтіледі. Жел екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін.
Астана қаласында күндіз найзағай мен бұршақ болжанып отыр, жел 15–18 м/с дейін күшейеді, өрт қаупі жоғары.
Қызылорда облысының орталығы мен солтүстігінде найзағай, қатты дауыл мен шаңды дауыл болады. Жел 15–20 м/с, облыстың көптеген бөлігінде өрт қаупі жоғары, орталық пен шығысында – төтенше деңгейде. Қызылорда қаласында да осы жағдайлар байқалады.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру