Сергей Гончаров есімді желі қолданушысы қазақ қызымен көңіл жарастырғаны үшін өзі де, сүйіктісі де көпшіліктің сынына ұшырағанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Сергей Гончаров сүйіктісін қорғауға тырысты.
“Менімен кездескені үшін қызым қуғынға ұшырады. Ол – қазақ, мен – Ресейден келген орыспын. Бізді әлеуметтік желіде көп адам балағаттап жатыр. Олардың кім екенін және мұны не үшін істейтінін білмеймін. Маған тіл тигізіп жатқандарға етім үйреніп кетті. Орыстарды ұнатпайды. Ресейде тұрсаң көнбіссің, тұрмасаң қашқынсың. Соғысқа барсаң қылмыскерсің, бармасаң қорқақсың. Қандай жағдай болмасын, тиісерге қара табады. Желідегі парақшама келген хаттардың бәрі балағат сөздер, қорлау, тіл тигізу”, – дейді Сергей Гончаров.
Айтуынша, желі қолданушылары оның мекен жайын сұрап, қоқан-лоқы көрсетеді. Енді өзін қойып, сүйіктісіне тіл тигізетін болған.
“Кейінгі жарты жылда адамдардың айтатыны бір. “Сатқын”, “Сен ұлтыңды сатып кеттің”, “Ол сені тастап кетеді”, “Сен оған тек азаматтық алу үшін ғана керексің”, “Масқара”, “Енді сен қазақ емессің”, “Біз сенен теріс айналамыз”, “Бұл сатқынды өзімен бірге алып кет” деп айтудан жалықпайды. Қашанғы шыдауға болады? Не үшін бұлай істейсіздер? Ересек, ақыл тоқтатқан адамсыздар ғой. Мұндай сөздерді көбіне ер адамдар жазады. Сіздер осылайша өз қыздарыңыздың өмірін өздеріңіз талқандап жатырсыздар. Тоқтатыңыздар. Мұнымен сіздер өздеріңіздің мықты екендеріңізді көрсетпейсіздер. Бұдан сіздер нағыз еркек немесе патриот болып кетпейсіздер”, – дейдіі желі қолданушысы. Сергей көпшіліктен халықаралық жұптарды мазаламай, оларға қолдау көрсетуін сұрады.
@svgoncharov♬ оригинальный звук — Сергей Гончаров
ПІКІР ЖАЗУ