Байдаршы Бекарыс Раматулла Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты

Фото: ҰОК

Қазақстандық байдаршы Бекарыс Раматулла Олимпиада ойындарының квалификациясында жеке байдаркада мың метр қашықтықта өнер көрсетті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Қазақстандық ескекші 3 минут 44,47 секундтың нәтижесін көрсетіп, алтылықтың ішінен алтыншы орынды иеленді. Жарыста соңғы орын Бекарысқа тікелей жартылай финалға шығуға мүмкіндік бермеді және ол ширек финал кезеңінде медальдар үшін күресті жалғастырады.

Жарыс көшбасшысы — олимпиада рекордының иегері, венгр Балинт Копас қашықтықты 3 минут 26,44 секундта аяқтады.

Айта кетейік, жартылай финалға тікелей жолдама алу үшін жарыста 1-ші немесе 2-ші орын алу керек, ал қалған қатысушылар автоматты түрде 1/4 финалға шығады.