Серік Сәпиев финалдық жекпе-жек алдында Нұрбек Оралбайға кеңес берді

Фото: prosports.kz

Даңқты боксшы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сапиев бүгін финалда жұдырықтасатын Нұрбек Оралбайға кеңес берді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Серік Сәпиевтің видеосы «Қазақстан» телеарнасыынң Instagram-дағы парақшасында жариялады.

«Украиналық боксшы алға баса береді. Оралбайға артқа қайтпау керек. Соңына дейін тұру керек. Болды, ұрса, тәсілдерін көрсетсе, ұтады деп сенемін. Алға Қазақстан! Еліміздің атын шығарып жатырсың. Жеңіске жете бер!», — деді спортшы.

Айта кетейік, 80 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Нұрбек Оралбай Олимпиаданың финалына шықты.