«Біз үшін чемпионсың»: Күресші Ризабек Айтмұқан Айбек Оралбайға қолдау көрсетті

Коллаж: ozgeris.info

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Париж Олимпиадасында есе жіберген Айбек Оралбайға қолдау білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ол өзінің қатарлас досына тілеулес болғанын айтып, өзі үшін Айбектің орны ерекше екенін аңғартты. Бұл туралы балуан әлеуметтік желіде қысқа жазба жариялады.

«Сен біз үшін чемпионсың, бауырым», — деп жазды Ризабек Айтмұқан.

Айбек Оралбай Париж Олимпиадасының бірінші айналымында Нигерия боксшысы Олайтан Олаорені 5:0 есебімен ұтты. Алайда екінші кезеңде Әзірбайжан атынан сынға түсетін кубалық легионер Лорен Альфонсоға 3:2 есебімен жол беріп, жарысты аяқтады.

Айта кететін жайт, Ризабек Айтмұқан Париж Олимпиадасынан тыс қалды. Ол биыл ақпан айында еркін күрестен 97 келіде ел чемпионатының финалында Әлішер Ерғалиға есе жіберген. Сондай-ақ, Азия чемпионатында финалға шығып, шешуші белдесуде әлем чемпионы Ахмед Тажудиновке 4:2 есебімен ұтылды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Много лет диабета закончились за 2 дня! Теперь сахар в норме...