Түркия жұма күні таңертең ел аумағында Instagram-ды бұғаттап тастады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Дегенмен билік оның себебін атаған жоқ.
Әлеуметтік желі мобильдік қосымшада да, компьютерде де қолжетімсіз.
«Ақпараттық технологиялар және байланыс жөніндегі кеңес шешімі бойынша 2 тамызда Instagram.com сайты бұғатталды», — делінген мәліметте.
Ал Takvim басылымының жазуынша, Шектеудің себебі – ХАМАС тобының саяси жетекшісі Исмаил Хания өлімінен кейінгі наразылық толқыны. Instagram Саяси бюро басшысы туралы материалдарды желіден жүйелі түрде өшіріп отырған.
Түркияның байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун шілде айының соңында Instagram әрекеттерін айыптап, хабарлама жариялады. Ол мұны «мазмұнды цензуралау әрекеті» деп атады.
Әзірге бұғаттау қанша уақытқа созылатыны айтылған жоқ.
ПІКІР ЖАЗУ