7 жыл мерзімге көлік құралын айдау құқығынан айырылған және полиция қызметкерлерін қорлағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылған танымал әнші Төреғали Төреәлі полиция қызметкерлеріне арнап клип шығарды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Кеше әнші Төреғали Төрәлі полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде «Қазақ полициясы» атты әніне клип шығарды. Әнші титрде Полиция Департаментінің ұжымына алғыс білдіреді.
Сондай-ақ әнші клипте өзінің былтырғы Алматыда ұсталған сәтін көрсетеді. Ол клипте бұл оқиғаны полиция көзімен бақылайды.
Ол осы әнімен концерттерге де қатысып жүр. 23 маусымда Алматыда өткен полиция күніне арналған концертте өнер көрсеткен.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлі былтыр 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, бірнеше күн уақытша ұстау изолятрында жатқан еді.
ПІКІР ЖАЗУ