Жер қойнауын пайдаланушыға Атырау облысында газ жаққаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Ozgeris.Info прокуратураға сілтеме жасап.
Прокуратурада хабарлағандай, жыл басынан бері табиғат қорғау заңнамасы саласында жүргізілген тексеру аясында бюджетке 15,2 миллиард теңгеден астам қаржы өтелді. Осылайша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы («Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу») бойынша экологиялық рұқсатсыз бес миллион текше метрге шикі газдың шамадан тыс жоғары көлемін жаққаны үшін жер қойнауын пайдаланушыға 12,2 миллиард теңге айыппұл салынды.
Экологиялық заңнама талаптарын сақтау мәселесі облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.
ПІКІР ЖАЗУ