Аты аңызға айналған: Денис Теннің бапкері қайтыс болды

Денис Тен
Фото: ©️ Toyota Sports Center: UGC

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы марқұм Денис Теннің бапкері, аты аңызға айналған Фрэнк Кэрролл 85 жасында өмірден өтті.

Бұл ақпаратты АҚШ мәнерлеп сырғанау қауымдастығы растады.

Шебер өз мансабында ондаған көрнекті мәнерлеп сырғанаушыны дайындады.

 «Ол көптеген Олимпиада және Әлем чемпиондарының, сондай-ақ көптеген болашақ Даңқ залы иегерлерінің мансабында маңызды рөл атқарды», — делінген хабарламада.

Фрэнк Кэрролл Құрама Штаттардағы мәнерлеп сырғанаудан ең табысты жаттықтырушы ретінде танылды. Денис Теннен бөлек, оның шәкірттері қатарында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпиондары Линда Фратиани, Мишель Кван және Эван Лисачек болды.

Қазақстандық Денис Тен де Фрэнк Кэрролдың талантты шәкірттерінің бірі болды. Ол 2018 жылы Алматыда қаскөйлер қолынан қаза тапты.