Маңғыстау облысында екі жасар бала Каспий теңізіне батып кетті

5 маусымда екі жасар бала Каспий теңізіне батып кетті.

«2022 жылы туған бала Каспий теңізінде суға батып кетті. Қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Құрық ауылынан 5 шақырым жерде шомылуға жабдықталмаған аймақта орын алды. Себебі — судағы мінез-құлық ережелерінің талаптары мен нормаларын бұзу», — делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайын жедел тергеу тобы анықтауда.

ҚР ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.