Астанада Бишімбаевты ұстаған полицейлер жазаланды

Қызметтік тергеудің аяқталғаны туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін Патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланды. ҚР ӘҚБтК 434-2-бабының талаптарын бұзғаны үшін Астана қаласының «Есіл» ауданы ЖП жедел уәкіліне қатаң сөгіс берілді «, — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Бишімбаевты ұстау және жауап алу кезінде полицейлердің бірі марқұм Салтанат Нүкенованың атына «Өзі мазасын алған шығар» деп айтқан болатын. Сондай-ақ, Бишімбаевқа көшеде темекі шегуге рұқсат берілді.