Қазақстан мен Ұлыбритания СІМ басшылары Мұрат Нұртлеу мен Дэвид Кэмерон келіссөздер жүргізді, оның барысында Кэмерон Ұлыбритания Қазақстанмен Орталық Азиядағы негізгі серіктес ретінде ынтымақтастықты дамытуға зор көңіл бөлетінін мәлімдеді, сондай-ақ біздің елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, Лондонның Астанамен ынтымақтастықты тереңдетуге дайындығын растады.
Жан-жақты келісім Астана мен Лондон арасындағы саяси, сауда және инвестициялық қатынастарды жаңа көкжиекке шығаруға елеулі көмек болады… Біз берік және өзара тиімді қазақ-британ стратегиялық серіктестігі энергетика мен сирек кездесетін металдардан экология мен білім салаларына дейін одан әрі нығая беретініне сенеміз, — деп атап өтті Нұртілеу.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау және көлік саласындағы бірқатар екіжақты құжаттарға, Астанада Queen’s University Belfast британдық жоғары оқу орнының филиалын ашу және Оксфордта қазақ тілін оқыту бағдарламасын іске қосу туралы меморандумдарға қол қойылды.
ҚР мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы 2023 жылы $1,2 млрд құрады (экспорт — 703 млн, импорт — 478,7 млн). Қазақстанда британдық капиталдың қатысуымен 600-ге жуық компания, бірлескен кәсіпорындар мен өкілдіктер ұсынылған. Ұлыбритания ҚР-дағы ірі шетелдік инвесторлардың ондығына кіреді.
ПІКІР ЖАЗУ