ЛГБТ-насихаттауға тыйым салына ма?

 

Бүгін Мәжіліс депутаттары «Масс-медиа туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Хабарламада айтылғандай, ол мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиа саласының даму үрдісін ескере отырып, масс-медиа саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов мәжіліс отырысында ЛГБТ-насихатқа тыйым салу туралы норма заң жобасына кірмегенін мәлімдеді.

«Мен білмеймін, бұл депутаттардың бастамасы ғой. Қазір құрметті депутаттар дауыс берген соңғы заң жобасында бұл норма жоқ «, — деп мәлімдеді ол.