Атырау облысында тасқын су шайған көпір жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіріледі.
Қызылқоға ауданы әкімдігі бүлінген көпірге қатысты пікір білдірді.
«Әлеуметтік желіде аудандағы көпір және ауылішілік жолдың бұзылғаны туралы фото, бейнежазба таралып жатыр. Осындай ақаулар алдағы уақытта да анықталуы мүмкін. Қызылқоға ауданына енгізілген төтенше жағдай аясында бұзылған нысандар ақауы анықталады. Бүлінген нысанның бәрі жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіріледі. Бұл жұмыстар көктемгі өр суының келу кезеңі өткен соң басталады» деп хабарлады әкімдіктен.
Фото: YouTube-тан алынды
ПІКІР ЖАЗУ