Соңғы 3 жылда салынған жаңа үйлердің бәрі тексеріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды «ozgeris.info» «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.
Министрдің атап өтуінше, Мемлекет басшысының соңғы 3 жылда жаңа тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі деректердің дұрыстығын тексеруді қамтамасыз ету тапсырмасы аясында пайдалануға берілген көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлердің барлығын тексеру жоспарланып отыр.
— Ақпан айының соңына дейін әкімдіктер тиісті нысандар тізімі жасайды. Наурыз айының соңына дейін статистика органдарымен және Әділеттің министрлігінің деректер базасымен салыстырып тексеру жүргізіледі. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленеді, — деді Қайырбек Өскенбаев.
«ozgeris.info»
ПІКІР ЖАЗУ