Ақмола облысында боранда үйінен шыға алмаған 11 жастағы науқас баланы құтқарушылар жедел ауруханаға жеткізді.
Аумақтық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 9 ақпанда Жақсы аудандық ТЖБ-не Терсақан ауылының әкімі хабарласып, 11 жастағы баланың ауырып қалғанын және шұғыл ауруханаға жеткізу қажеттігін айтқан.
«Түнгі сағат 00:50 шамасында Жақсы ауданының құтқарушылары мен жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері жол талғамайтын «Урал» көлігімен Терісақан ауылына барып, баланы аман-есен аудандық ауруханаға алып келді. Қазіргі кезде баланың жағдай тұрақты, алдағы отаға дайындалуда», — деді ведомстводан.
Фото: ТЖД баспасөз қызметінен
ПІКІР ЖАЗУ