Қостанай облысында 26 желтоқсанда қарлы боран кезінде жоғалып кеткен 68 жастағы әйел мен оның 11 жастағы немересінің денелері табылды.
Олар Тобыл қаласын бетке алып, жолай өтіп бара жатқан көлікті «тоқтатып мінеміз» деп сағат 07.00 шамасында үйден шығып кеткен.
Оларды полиция, құтқарушылар, еріктілер іздестірген болатын. Сонымен қатар бүгін кинологтар да жұмылдырылған еді.
ПІКІР ЖАЗУ