Өмір бойына бас бостандығынан айырылған алматылық атқыш Руслан Күлекбаев сотталғаннан кейін алғаш рет журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды«Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
Қазір Руслан Күлекбаев жазасын Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» қатаң режимдегі колониясында өтеп жатыр. Карцерде кітап оқиды. Оған анасы мен балаларын көруге рұқсат етілген.
Журналистерге сұхбат берген Күлекбаев өзінің күнә жасағанын айтып, оны мойындады.
Менің сотта не айтқанымды бәрі біледі. Мен сонда: “О Аллахи, Субханаллах, мені тіпті ату жазасына емес, одан да қатты жаза қолданса да ол мен үшін түкке тұрмас” дедім. Мен ол кезде ештеңеден қорықпадым. Сол кезде есіме алсым, өзімнің қандай қатігез болғанымды ойлаймын. Күнә жасаған сәтте менің жүрегім қатайып, қап-қара болып кетті. Мұның үлкен күнә екенін мен кеш түсіндім, – дейді Күлекбаев.
Ол Алматыда халықты жаппай атып жатқан кезде жағдайының қандай болғанын да жасырмай айтты.
Ішімде алай-дүлей төңкеріс болды. Ойым жаман іс істесем екен, кімді өлтірсем, кімнен не тартып алсам деп сол жайлы ғана ойладым. Мен сол кезде не істеп жатқанымды түсінбедім. Мен адастым. Білімді дұрыс алмадым, – деді ол. п қосты өмір бойына бас бостандығынан айырылған кісі өлтіруші.
Сондай-ақ Руслан Күлекбаев өзі өлтірген адамдардың туыстарынан кешірім сұрады.
Өткен іс өтті. Оны қайта артқа қайтара алмаймын. Бірақ олардың жүректері тыныш табуы үшін, егер мен көріп, естіп отырсаңыздар, егер мені кешірсеңіздер – бұл сіздердің маған көрсеткен жақсылығыңыз болар еді. Алла екі дүниеде де бар жақсыны нәсіп етсін, – деді Руслан Күлекбаев.
Осыдан 7 жыл бұрын Руслан Күлекбаев Алматы көшелерінде 10 адамды атып кеткен. Өлім жазасына мораторий жарияланғанына байланысты Күлекбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
ПІКІР ЖАЗУ