Алматы облысында 8 жастағы қызды зорлады деп айыпталған азаматқа қатысты алғашқы сот отырысы өтті.
Істі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылғын ауданаралық соты қарап жатыр.
Зардап шегуші тарап өкілі экспертиза нәтижесінде кілемде ұрығы, қыздың түкірігі анықталғанын, айыпталушы арам ойын әуелі баспалдақтың астында іске асырғанын айтты.
Шағым қалдырған тарап бүгін сот залында мемлекет тарапынан берілген қорғаушымен де алғаш танысқанын айтты. Адвокат шулы іске қатысты барлық материал тізбектеліп, келесі отырыста ұсынылатынын айтты. Ал анасы азғындық жасағанның қатаң жауапқа тартылуын қалайды.
Аса ауыр қылмысты қарайтын мамандандырылған сот үш сағаттан соң ғана аяқталды. Жабық қаралымда күдіктінің көршілерінен де жауап алынған көрінеді. Сот әзірге қосымша ақпарат бермеді.
Айта кетейік, 17 мамырда Есік қаласының Көктөбе ауылында қыз зорлады деген айыппен сол ауылдың тұрғыны қамауға алынған еді.
ПІКІР ЖАЗУ