«AMANAT» партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы ЖАЙЫЛЫМ ЖЕРЛЕРДІ мемлекет меншігіне ҚАЙТАРУ жұмысы аясында жаңадан құрылған Жетісу облысына келдік.
⠀
Комиссия мүшелері – Жанарбек Әшімжан, Бакытжан Базарбек, Мұрат Теміржанов әріптестерімізбен бірге 21-22 шілде күндері жаңа аймаққа қарасты Кербұлақ ауданы, Бостан ауылы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы және Көксу ауданы, Лабасы ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған және заңсыз бөлінген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселелерін жан-жақты талқыладық.
⠀
Жүргізген жұмыстың нәтижесі бойынша аймақтағы жалпы
гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
⠀
Оның ішінде:
Кербұлақ ауданы — 2706 га
Ескелді ауданы — 2200 га
Көксу ауданы — 6685 га
Панфилов ауданы – 12574 га
Сарқанд ауданы – 90 га
Қаратал ауданы – 17670 га.
«Жер аманаты» Жетісуда

ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру