Вьетнам Коммунистік партиясының Бас хатшысы астаналық сәбидің тұсауын кесті

фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам барған «Этноаул» көрмесінде ерекше сәт орын алды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Мемлекеттік сапармен Астанаға келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам жұбайымен бірге қазақ халқының мәдени мұрасына арналған «Этноаул» көрмесін аралады.

Қонақтарға ұлттық тарихты, дәстүрлі киімдер мен қолөнерді, салт-дәстүрлерді, аңшылық өнерін, музыкалық аспаптарды, бейнелеу өнері мен халық ойындарын қамтыған түрлі тақырыптық аймақтар көрсетілді.

Көрмеде То Лам қазақтың «тұсаукесер» рәсіміне қатысып, сәбидің тұсауын кесті. Бұл – баланың өмір жолы жеңіл әрі сәтті болсын деген ниетпен жасалатын символикалық дәстүр.