Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
– Әуесқой және кәсіпқой бокстағы мансабыңызда өзіңізді бірегей спортшы ретінде таныттыңыз. Деңгейі өте жоғары жарыстарда еліміздің намысын абыроймен қорғадыңыз, сондай-ақ Қазақстандағы және әлемдегі көптеген бокс жанкүйеріне қуаныш, жарқын көңіл күй сыйладыңыз. Табиғи талантыңыз бен еңбексүйгіштік қасиетіңіз спорт саласында зор жетістіктерге жетуге ықпал етті. Жастарымызға үлгі болдыңыз. Сіздің отандық бокстың дамуына үлкен үлес қоса беретініңізге сенімдімін»,– деді Президент.
ПІКІР ЖАЗУ